Елордада құтқарушылар 73 жастағы қарияны құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Сарыарқа даңғылы бойындағы пәтерлердің бірінде 1951 жылы туған қарт адам өз пәтерінде құлап, өздігінен тұра алмай, есікті аша алмаған.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аспалы құралдардың көмегімен есікті ашып, еденде жатқан әжені жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, - деп атап өтті ведомстводан.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.