Елордалық полицейлер ұрлық жасаған жасөспірімді ұстады

20 Тамыз 2022, 17:18
1227
Бөлісу:
Елордалық полицейлер  ұрлық жасаған жасөспірімді ұстады

«Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 45 УПП учаскеліп инспекторлары полиция аға лейтенанты Серікқали Қуанышов пен полиция лейтенанты Азатхан Қалмұхамед жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен 17 жастағы жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу барысында анықталғанындай, жас жігіт күндізгі уақытта сағат 14.50 шамасында Сығанақ көшесінде орналасқан дүкендердің біріне кіріп, сатушының жоқтығын пайдаланып, сөреден жеке гигиена құралдарын ұрлап, ізін суытқан. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Елордада ағымдағы жылдың 8 тамызынан бастап «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Жедел-алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері учаскелік полиция инспекторлары 9 мыңнан астам тұрғын үй массивін, оның ішінде 2930 пәтерді, 1243 жеке үйді және 435 қараусыз қалған үйді аралап шықты. Сондай-ақ, кезекші тәулікте барлығы 135 қылмыс және 105 бұрын жасалған қылмыс ашылды.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге, жұмыс орнын қысқа уақытқа да тастап кетпеуге кеңес береді. 

Өзгелердің жаңалығы