Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды

Кеше, 18:38
555
Бөлісу:
Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды
Фото: polisia.kz

102 арнасы арқылы кезекші бөлімге “Архар” көпірінде бір қыздың тұрғаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бойжеткеннің ойланбай әрекет жасауы мүмкін деген күдікпен оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері жіберілген.

Жағдайды патрульдік полиция полкінің инспекторлары полиция капитаны Дулат Идрисов пен полиция аға лейтенанты Жалғасбек Абдуалиев бақылауға алған. 

Олар еш кідірместен автокөліктен түсіп, қызбен сөйлесуге кірісті. Полицейлер оны сабырға шақыруға тырысты. Белгілі болғандай, 16 жастағы қыз туыстарымен ұрысып, эмоциялық күйзеліс салдарынан көпірден секірмек болған. Тәртіп сақшыларының тактикалық әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді, - делінген хабарламада.

Кейіннен ол ата-анасына тапсырылып, қажетті психологиялық көмек көрсетілген.

Өзгелердің жаңалығы