Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда емтихан тапсырмай жүргізуші куәлігін алуға көмек көрсететін алаяқтардың азаматтарды алдау жағдайлары жиілеп кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала тұрғынын алдап, 60 мың теңгеcін иемденген 27 жастағы қыз ұсталды. Ол ақшалай сыйақы үшін жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген.
Тәртіп сақшылары күдіктіні құрықтады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.