Елордалық өрт сөндірушілер ірі өртті сөндірді

24 Қаңтар 2024, 01:10
318
Бөлісу:
Елордалық өрт сөндірушілер ірі өртті сөндірді
Фото: скрин

Елордада жиһаз жасайтын цехта өрт шықты. Оқиға 23 қаңтарда сағат 21:20 шамасында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметі Дүкенұлы көшесі, 31/11С мекенжайындағы өрт туралы хабарлама бойынша әрекет етті. 1200 ш.м.аудандағы жиһаз бөліктері, пластмасса және резеңке-техникалық бұйымдар өртенгені анықталды. Өрт сөндіру бригадалары ұйымдастырылған. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеті өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуының алдын алды. Өрт өрт сөндірушілердің күшімен сағат 22.40-та ауыздықталып, 23.19-да сөндірілді, - деп жазды Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті.

Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 93 адамы мен 18 бірлік техникасы, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы