Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Millionaire мейрамханасы Urpaq-VIP қауіпсіздік агенттігімен бірлесе және Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен коронавирус жұқтырған және вирусты жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған азаматтарды емдеп жатқан медицина қызметкерлеріне түскі ас жеткізу бойынша қайырымдылық акциясын өткізді.
Төтенше жағдай кезінде дәрігерлер мен медбикелер, санитариялық мамандар өте жауапты әрі маңызды міндетті атқарып жатқандықтан, біз де өз үлесімізді қосу үшін №3 көпбейінді қалалық балалару ауруханасы, жаңа тубдиспансер мен бұрынғы "Рамада плаза" қонақ үйіндегі 230 дәрігер мен басқа да медицина қызметкерлеріне түскі ас жетіздік. Бұл акцияны бұдан әрі жалғастыратын боламыз, - деді Millionaire мейрамханасының бас директоры Әсет Қимашев.
Естеріңізге салсақ, COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты 19 наурыздан бері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында пандемияға қарсы қосымша шектеу, алдын алу шаралары енгізілді. Аталмыш шараларға карантин жариялау, карантин аумағына адамдар мен көліктердің кіріп-шығуына тосқауыл қою, арнайы емдеу мекемелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және т.б. шаралар кіреді.
16 наурыздан бастап, Қазақстанда ресми түрде түрде төтенше жағдай жарияланды. Ол 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады.