Елордалық кинологтар балалармен кездесті

21 Мамыр 2022, 19:15
1281
Бөлісу:
Елордалық кинологтар балалармен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полицейлер балалар орталығының тәрбиеленушілері үшін қызықты экскурсия өткізді, деп хабарлады қалаллық ПД.

Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығының базасында балаларды кинологтар қызметімен таныстырды. Полицейлер балалар мен жасөспірімдерге түрлі тұқымды иттермен жұмыс істеу ерекшеліктері және қызметтік-іздестіру иттерін үйрету туралы айтып берді. 

Жиналған көрермендер полицейлердің үйлесімді әрекеттерін, ал иттердің жаттығуларды орындау кезінде өз дағдыларын көрсетті. Сондай-ақ, төрт аяқтылар есірткі заттарын іздеу, дауыстық команданы орындау, ым-ишарат және ерекше трюктерді көрсетті. Балалар қойылымға қызығушылықпен қарап, көрсетілімнен кейін кинологтардың мамандығы туралы сұрады. 

Балаларға үй жануарларын сипап, төрт аяқты жануарлармен суретке түсуге мүмкіндік берілді. Кездесудің барлық қатысушылары қарым-қатынастан жағымды эмоциялар мен әсер алды. Балалар өткізілген іс-шараға риза болды, ал кейбіреулері болашақта кинолог мамандығын таңдауға ниет білдірді.

Өзгелердің жаңалығы