Елордалық гимнастар «Афродита Кубогында» 4 медаль иеленді

13 Наурыз 2023, 23:23
930
Бөлісу:
Елордалық гимнастар «Афродита Кубогында» 4 медаль иеленді
PHOTO

Бүгін Грекия астанасы Афиныда көркем гимнастикадан VIII «Афродита Кубогы» атты халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды BQ.KZ.

Бұл бәсекенің жекелей сынында Ұлттық құраманың 3 спортшысы яғни,  Астана қаласының №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің гимнастшылары жүлдеге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, елордалық гимнастшы Эрика Жайлауова ұршықпен өнер көрсетуде қола жүлдегер атанды. Оған қоса, тағы бір жерлесіміз Дария Көшербаева шеңбермен өнер көрсетіп, 4 орынға тұрақтады.

Елордалық гимнастар «Афродита Кубогында» 4 медаль иеленді

Сондай-ақ жастар арасында өнер көрсеткен Астаналық бұрымдыларда жүлделі орындарға ие болды. Олар Айым Мейіржанова мен Ақмарал Ерекешева. Екеуі де лентамен жаттығу барысында өз өнерлерін көрсетіп Айым 25.850 балл иеленіп қола жүлдегер атанса, Ақмарал финалда күміс жүлдеге ие болды.

Елордалық гимнастар «Афродита Кубогында» 4 медаль иеленді
Елордалық гимнастар «Афродита Кубогында» 4 медаль иеленді

Топтық сайыста юниорлар арасында  Астана қаласының “Фурор” командасы 5 секіргішпен финалда қола жүлдені жеңіп алды.

Елордалық гимнастар «Афродита Кубогында» 4 медаль иеленді
Өзгелердің жаңалығы