Елордалық әскерилер футбол бәсекесінде бағын сынады

Бөлісу:
Елордалық әскерилер футбол бәсекесінде бағын сынады
Фото: gov.kz

Астанада Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына және жергілікті әскери басқару органдары күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында әскери ұжымдар арасында футболдан турнир өтті.

Футбол бәсекесіне ҚР Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының, Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, аудандық басқармалардың және 99255 әскери бөлімінің командалары қатысты.

Теңбіл доп додасында қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің командасы жеңіске жетті. Оларға 99255 әскери бөлімінің футбол командасы есе жіберді, үшінші орынды Қару-жарақты бақылау және инспекцияны қамтамасыз ету орталығының спортшылары иеленді.

Ақмола гарнизонында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен өткізілетін спорттық іс-шаралар дәстүрге айналды. Мұндай спортты серік еткендер денсаулығын, отбасылары мен әскери ұжымдардың бірлігін нығайтуға ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы