Елордалықтарға екпе көшеде және сауда орталықтарында салынбақ

26 Наурыз 2021, 13:46
1370
Бөлісу:
Елордалықтарға екпе көшеде және сауда орталықтарында салынбақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және медицина ұйымдарының КВИ-ға қарсы дайындығы» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді.

Нұр-Сұлтанда көшелерде және сауда ойын-сауық орындарында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін егу пункттерін ашу жоспарлануда. Біз бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Ауа райы жылынған соң, екпе салу шараларын далада және ірі сауда ойын-сауық орталықтарында ұйымдастыруымыз мүмкін. Біз қазір осы мәселені жүзеге асыруға дайындалып жатырмыз, - деп атап өтті Мұратов.

Ол бұған дейін елордада 9988 адамға екпе салынғанын, оның 4650-і медицина қызметкерлері болса, 1799-ы педагогика мамандары екенін айтқан болатын. Сондай-ақ бас қалада коронавирусқа байланысты қанша мектеп жабылғаны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы