Елордалықтар емхананы еркін таңдай алады

16 Қыркүйек 2021, 18:52
14772
Бөлісу:
Елордалықтар емхананы еркін таңдай алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров хабарлады. 

Оның айтуынша, елімізде, соның ішінде, елордада халықты емханаға тіркеу науқаны басталды.

Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі науқан екі ай бойы, 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін созылады. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 36 медициналық ұйымға тіркеле алады. Олардың 18-і – мемлекеттік, қалғаны – жекеменшік клиникалар.

Тіркеу науқаны кезінде азаматтар өзі тұратын аумақ шеңберіндегі мемлекеттік қана емес, жеке меншік клиникаларға да тіркеле алады. Ол үшін емхана Медициналық сақтандыру қорының жеткізушілер тізімінде болуы тиіс, - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
Азаматтардың емханаға тіркелуі өте маңызды. Себебі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтер осы емханалар арқылы ұсынылады.

Еске сала кетсек, биылғы науқан барысында емхана ауыстырған азаматтар өзі таңдаған емдеу мекемесінің қызметін 2022 жылдан бастап пайдалана алады. Баршаға бірдей емхана ауыстыру міндетті емес. Бұрынғы емхана қызметіне көңілі толатын азаматтар әрі қарай да бұрынғы клиниканың қызметін пайдалана берсе болады.

Емхана өзі қызмет көрсететін аймақтан тыс жерде тұратын азаматтарды, сондай-ақ бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекеме жүктемесі шектен асып кеткен жағдайда тіркеуден бас тартуы мүмкін. Қолданыстағы нормативтерге сәйкес, учаскедегі жалпы практика дәрігеріне тіркелгендер саны 1700-ден аспауы тиіс.

Тіркелген тұрғындар тізілімі деректері бойынша 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі уақытта алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына 1 252 009 адам ғана тіркелген.

Биыл тіркеу тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Бұдан былай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден келген еңбек мигранттары емханаға тіркелу үшін ерікті медициналық сақтандыру полисін сатып алуы тиіс. Олар тіркелу үшін емхананың тіркеу бөліміне барып өтініш жазады, - деп отыр «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ өкілдері.
Тіркеу науқанына қордың мәліметтер базасына енген емдеу мекемелері ғана қатысады. Олардың толық тізімімен МСҚ www.fms.kz ресми сайты арқылы танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы