Елордалық төрт мекеме карантин режимін бұзды

20 Маусым 2021, 05:20
2319
Бөлісу:
Елордалық төрт мекеме карантин режимін бұзды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 маусымда елорданың мониторингтік топтары карантин талаптарын бұзған төрт кәсіпкерлік нысанды анықтады. Ескертулер беріліп, жауапкершілікке тартылғанына қарамастан елорда мекемелері адам денсаулығына қауіп төндіре отырып, карантинді жүйелі бұзып келеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданының мониторингтік тобы «Cabera» гриль-барының жұмыс режимін бұзғанын анықтады. Мекеме сонымен қатар кальян шегу қызметін ұсынған. Кальян шегуге қатаң тыйым салынғанын айта кеткен жөн.

Сарыарқа ауданында орналасқан «Game Zone» компьютерлік клубы жұмыс істеуіне салынған тыйымға қарамастан қызметін тоқтатпаған.

Алматы ауданында тағы екі мекеме — «Level» лаундж-бары мен «Celentano» рестро-бары карантин режимін сақтамады.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті әкімшілік шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді.

Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл» аймақтан шыққан жоқ. Сол себепті елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды, карантин режимін қатаң сақтауы және тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмас үшін санитарлық дәрігердің ұсыныстарын ұстануы керек, – делінген әкімдіктің ресми сайтында.

Өзгелердің жаңалығы