Елордалық мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеру деңгейі тексерілді

28 Наурыз 2019, 15:07
2092
Бөлісу:
Елордалық мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеру деңгейі тексерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл соңына дейін мемлекеттік органдар мен  оларға бағынысты мекемелердің 1800 қызметшісі тесттен өтеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен бүгін Қазтест» жүйесі арқылы мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында тест өткізілді.

«Тестке қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелерден (11 мекемеден) 200 қызметкер қатысты. Жыл соңына дейін мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты мекемелерден 1800 қызметшіні тесттен өткізу жоспарланып отыр», - делінген басқарманың хабарламасында.   


Өзгелердің жаңалығы