Елордалық қыз жігітінің смартфонын ұрлап кеткен

13 Қараша 2021, 14:14
662
Бөлісу:
Елордалық қыз жігітінің смартфонын ұрлап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық тәртіп сақшылар смартфон ұрлығын ашты.

Жергілікті тұрғын полицияға Samsung G2 телефонын ұрлатып алғанын айтып, арызданды. Ол бейтаныс қызбен кездескеннен кейін смартфоны жоғалып кеткенін айтқан.

Жәбірленушінің айтуынша, таксиде бір қызбен танысқан. Бірнеше күннен кейін оны кездесуге шақырады. Кафедегі кездесуді қос жұп қонақүйде жалғастыруды шешеді. Жігіт ұйықтап жатқанда күдікті оның ұялы телефонын ұрлап, қонақүйден кетіп қалған, - делінген ІІМ сайтындағы хабарламада.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер ұрлық жасаған 30 жастағы күдіктіні ұстады, ол өз кінәсін мойындады. Ұрланған смартфон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы