Елордалық құтқарушылар 9 айда 317 адамды аман алып қалды

19 Қазан 2021, 16:29
1383
Бөлісу:
Елордалық құтқарушылар 9 айда 317 адамды аман алып қалды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада құтқарушылардың кәсіби мерекесі аталып өтті. Құтқарушылар саябағында ант қабылдау рәсімі ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында елордадағы Өрт сөндіру қызметінің бастығы Назарәлі Селимов 20 жас қызметкер құтқарушылар қатарына қосылғанын айтты.

Елордалық құтқарушылар 9 айда 317 адамды аман алып қалды

Бүгін «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесіне кіруге 20 жас қызметкер ант қабылдады. Бұл іс-шара Құтқарушылар күніне орай ұйымдастырылып отыр. Құтқарушылар күні 1995 жылдан бастап тойланады, - деді Өрт сөндіру қызметінің бастығы Назарәлі Селимов.
Елордалық құтқарушылар 9 айда 317 адамды аман алып қалды

Айта кетейік, жыл сайын 19 қазан күні Құтқарушы күні тойланады.

Елордалық құтқарушылар 9 айда 317 адамды аман алып қалды

26 жыл бұрын «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру туралы» Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың 1995 жылғы 19 қазандағы №2541 Жарлығымен Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті – елдің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган ретінде құрылды.

Елордалық құтқарушылар 9 айда 317 адамды аман алып қалды

Елордалық құтқарушылар 9 айда 317 адамды аман алып қалды
Бүгінде елордадағы Төтенше жағдайлар департаментінде 1 728 адам жұмыс істейді. Департаментте 18 өрт сөндіру бөлімі, жедел-құтқару жасағы және мемлекеттік меншіктің аса маңызды объектілерін күзету жасағы бар. Тоғыз ай ішінде елордалық гарнизонның құтқару бөлімшелері 4 185 жедел шығуды жүзеге асырды, «112» пультіне халықтан 508 236 қоңырау түсті. Осы жылдың 9 айында елордалық құтқарушылар 317 адамды құтқарды, үйінділер мен өрттен 400-ден астам адам эвакуацияланды, - деп айтты Назарәлі Селимов.
Елордалық құтқарушылар 9 айда 317 адамды аман алып қалды

Елордалық құтқарушылар 9 айда 317 адамды аман алып қалды

Оның айтуынша, бүгінгі күні гарнизонда 179 техника, оның ішінде 12 құтқару техникасы және негізгі, арнайы, көмекші техникалар бар. 

Елордалық құтқарушылар 9 айда 317 адамды аман алып қалды

Елордалық құтқарушылар 9 айда 317 адамды аман алып қалды

Жергілікті бюджет қаражатынан техника сатып алуға қаражат бөлінді. 2020 жылы 10 техника алынса, осы жылы 48 техника сатып алу жоспарланып отыр.


Өзгелердің жаңалығы