Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жазғы демалыс қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖ департаменті «Қауіпсіздік балалар көзімен» атты ауқымды шара өткізді.
Жиынның негізгі қонақтары - SOS балалар қалашығының тәрбиеленуші бүлдіршіндері мен қала тұрғындары болды.
ТЖД қызметкерлері балаларға арнап викториналар мен түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырды.
Біздің алға қойған басты ұстанымымыз - қауіпсіздік. Әсіресе, балалар қауіпсіздігі. Оларға өрт сөндірушілердің техникаларын көрсету арқылы сақтану шараларына дайындау. Әрине, жауапкершіліктің көбі ата-ананың мойнында, десе де әрбір бала өрттің қаншалықты қауіпті екенін кішкентай кезінен сезініп, жауапкершілікті қолына алса, тілсіз жау азаяр еді, - деді Нұр-Сұлтан қаласының өрт-сөндіру мекемесінің басшысы Дамир Ермағамбетов.
ТЖД қызметкерлері балаларға арнап викториналар мен түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырды.
Біз балаларға ойын түрінде маңызды нәрсені түсіндіргіміз келеді. Оларға противогазды қалай кию керек екенін, қалай қолдануы керектігін, бастапқы практикасын ойын арқылы үйреттік. Тағы бір мысал, нысанада ілініп тұрған шарды атып алу арқылы ішіндегі жұмбақтың жауабын табу керек болды. Ол өрт сөндіргіш болуы мүмкін. Келген бүлдіршіндерге қызықты сұрақ қойып, тапсырмалар орындатамыз. Білмей қалған жағдайда тәжірибе жүзінде көрсетіп береміз, - деді олар.