Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Индонезияның Қазақстандағы елшілігі елордалық қыз-келіншектер үшін мастер-класс өткізді.
Ас мәзірінде "сото аям" тауық сорпасы, кынтанг - картоптан фрикадельки болды.
Бірінші тағам - "Сото аям" тауық сорпасы. Аспаздың есімі - Дини Куздиани.
Дини ханым - елшіліктің бас аспазы. Бүгін өзінің ерекше рецептімен бөлісті.
Тауықты 3 литр суда қайнатып, көбігін алу керек. Содан соң, қайнап тұрған сорпаға 2 жапырақ лемон грасс (лавр жапырағы), бірнеше сарымсақ, имбир салып қайнатуға қоямыз.
Содан соң сковородка алып, кішкене сұйық май құйып, жуа, индонезиялық фундук салғаннан кейін, 2 шай қасық кориандр, 2 шай қасық куркума салып, қуыру керек.
10 минут қуырылғаннан кейін сорпаға қосамыз. Сонымен қатар, 11 жұмыртқаны қайнатып, сорпаны сәндеу үшін пісіріп аламыз.
Сорпаның ішінен тауық етін шығарып, ұсақтап турап, дайындап қоямыз. Тағы орамжапырақты, аскөкті, қайнаған жұмыртқаны ұсақтап тураймыз.
Содан соң тәрелкеге салып, үстіне сорпаны құямыз. Өте дәмді, тойымды "Сото аям" дайын болды. Ас болсын!
Бас аспаз 30 жылдан бері ас әзірлеумен айналысып келеді. Индонезия асханасының ең тәтті әрі құнарлы тағамдарын жасаудың шебері болғысы келеді. Бұдан бөлек, ол тігіншілікпен айналысады.
Индонезия елшілігі жанындағы мәдени орталықтар ас әзірлеуден мастер-кластар айына бір рет өтеді.