Елордада автобус өртеніп кетті

8 Қаңтар 2020, 10:35
2351
Бөлісу:
Елордада автобус өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада әуежай маңында автобус өртеніп кетті. Бұл туралы Астана-LRT баспасөз қызметінде хабарлады.

Бүгін таңғы сағат 9:00 шамасында халықаралық әуежайдың алаңында №12 автобус өртеніп кетті. Қоғамдық көліктің не себепті өртенгені анықталып жатыр, - делінген хабарламада. 

Олардың мәліметінше зардап шеккендер жоқ. 

Жүргізушінің мәліметінше, алғашқыда тарс еткен дыбыс естілген, сосын от шыға бастаған. Жүргізуші басында өртті өзі сөндірмек болған, бірақ қолынан келмеген. Кейін ол өрт сөндіру қызметін шақырған, - деді Астана-LRT баспасөз қызметінде. 

Оқиға орнына өрттің неден шыққанын анықтау үшін мамандар шыққан.


Өзгелердің жаңалығы