Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Авто-кинотеатр аумағына келушілер барлық санитарлық нормаларды ұстануы тиіс, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтанда көпшіліктің көңілінен шыққан ашық аспан астындағы кинотеатр жобасы көрермендермен қайта қауышты. 17 тамыздан даладағы авто-кинотеатр форматында болатын Nur-Sultan Auto-cinema Festival қайта жанданып, қала тұрғындары мен қонақтары кинотеатрдан шетелдік немесе отандық кино картиналарды тегін тамашалай алады.
Фестивальде ұйымдастырушылар эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, ешқандай қатынассыз тіскебасарлар мен салқын шырындар жеткізуді қамтамасыз етеді.
Авто-кинотеатр аумағына келушілер барлық санитарлық нормаларды ұстануы тиіс, өзімен бірге медициналық бетберде мен қолғаптардың болуы, әлеуметтік арақашықтықты ұстанғаны жөн, - дейді ұйымдастырушылар.
19 тамызда көрсетілетін фильмдер кестесі:
20:30 «Путешественник» (режиссёры Нияз Абдигапар)
22:00 «Счастливое число 5» (Игорь Тувери)
20 тамызда көрсетілетін фильмдер кестесі:
20:30 «Свадьба на троих» (режиссёры Асқар Бисембин)
22:30 «Мэнди» (режиссёры Панос Косматос)
21 тамызда көрсетілетін фильмдер кестесі:
20:30 «16 қыз» (режиссёры Қанағат Мұстафин)
22:25 «Шпионская игра» (режиссёры Бен Луин)
22 тамызда көрсетілетін фильмдер кестесі:
20:30 «Дети солнца» (режиссёры Нияз Абдигапар)
22:40 «Мы всегда жили в замке» (режиссёры Стэйси Пассон)
Аталған шара «Astana Arena» стадионының Қабанбай Батыр даңғылына қарайтын көлік тұрағында өтетін болады.