Елордалық құтқарушылар жеке секторда рейд өткізді

27 Қыркүйек 2019, 14:37
1932
Бөлісу:
Елордалық құтқарушылар жеке секторда рейд өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыарқа аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары аумақтағы жеке сектордағы тұрғын үйлерге рейд өткізіп, халыққа өрт қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Басқарма бастығы Қ. Тоқсариннің айтуынша, мұндай жұмысты әсіресе жеке секторда өткізу маңызды.

«Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-ның күнделікті жұмысында тұрғын жер үйлерде өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету бір өткір мәселелерінің бірі болып тұр»,- деді ол.

Рейд барысында адамдармен жылыту маусымына дайындық туралы әңгіме жүргізілді, пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша жадынамалар таратылды.

Әрбір үйге кіре отырып, бірінші кезекте пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу мәніне жылыту пештері тексеріліп, оларды жою бойынша ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар көмір мен отынды сақтау ережелері жеткізілді. Бұған қоса, рейд жүргізу барысында үш көп балалы отбасы анықталды, оларға бірден тұншықтырғыш газ датчиктері орнатылды.

Айта кетейік, 2019 жылы Сарыарқа ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері көп балалы және аз қамтылған отбасыларына 914 датчик орнатты.

Өзгелердің жаңалығы