Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полицейлер хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 39 жасар Ақмола облысының тұрғынын тапты.
Жергілікті ПД баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасын өткізу аясында елордалық полицейлер Нұр-Сұлтан қаласының "Байқоңыр" ауданы аумағында белгілі тұрағы жоқ адамдардың жиналатын орындары бойынша, яғни жылу трассалары, қоқыс тастайтын жерлер, қараусыз қалған ғимараттар мен жертөлелерде жергілікті-рейдтік іс-шараларды өткізді.
«Іс - шараның негізгі мақсаты-белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарды, есірткі притондарын және басқа да мүмкін болатын заңсыз және есепке алынған контингентті анықтау», - дейді мамандар.
2 күн ішінде учаскелік полиция инспекторларымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қиын-өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығына белгілі тұрғылықты жері жоқ 40-қа жуық тұлға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілді.
«Жеткізілген адамдардың арасында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Ақмола облысының 39 жастағы тұрғыны анықталды. Қазіргі уақытта тұрғын жақын туыстарына берілді», - делінген хабарламада.