Елордалық iKOMEK орталығына 1 млн-нан астам өтініш түсті

19 Мамыр 2020, 09:22
1788
Бөлісу:
Елордалық iKOMEK орталығына 1 млн-нан астам өтініш түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына жыл басынан бері 1 млн-нан астам өтініш түсті.

Алғашқы қоңыраудан бастап бүгінге дейін 844 мың өтініш қаралды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

2018 жылы миллионнан астам өтініш келіп түссе, 2019 жылы өтініштер саны 1,6 миллионға жетті. Ал 2020 жылдың толық емес бес айындағы көрсеткіш миллионға жетіп отыр. Яғни, бұл iKOMEK-тің тек ыңғайлы сервис ғана емес, ол арқылы адамдар әкімдікке немесе коммуналдық ұйымдарға хабарласа алатынын көрсетеді. Сондай-ақ азаматтардың саны да артып отыр, - деді іKOMEK қалалық орталығының жетекшісі Жаннат Дүбірова.  

Өткен жылы елордалық 575 мыңнан астам тұрғын iKomek қызметін пайдаланды. Қала тұрғындарымен салыстырсақ (1,078 млн.), бұл жоғары көрсеткіш. 

Бұл – қала тұрғындары елордамыздың дамуына немқұрайлы қарамайды деген сөз, - деді Жаннат Дүбірова. 

Тұрғындар өзіне ыңғайлы тәсілмен яғни, телеграм бот, әкімдік сайты немесе мобильді қосымша арқылы байланыс орната алады. Әрбір өтініш автоматты түрде тіркеліп, жауапты ұйымдарға орындауға жіберіледі. iKOMEK қалалық орталығының мамандары өтініштің орындалу барысын бақылауда ұстайды.


 

Өзгелердің жаңалығы