Елордалық еріктілерге үздік бастамалары үшін гранттар берілді

9 Қазан 2020, 12:07
1328
Бөлісу:
Елордалық еріктілерге үздік бастамалары үшін гранттар берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы ҚР Ұлттық музейінде «Волонтерлік бастамаларды қолдауға бағытталған» шағын гранттар конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Еріктілердің бастамасын қолдау мақсатында гранттар ұйыдастырған болатынбыз. Комиссия 200-ден астам жобаны қарап шықты. Сондай ерекше бастамалардың бірі - Лидер.кз ұсынған жоба. Волонтерлық ұйым жоғалған адамдарды іздейді. Іздеу жұмыстары үшін оларға дрон, тепловизор, 3 км-ге дейінгі аралықта орын көрсететін рация сияқты көмекші құралдар керек. Осы секілді көп жақсы жобалар келді. Алдағы уақытта волонтерлер өздерінің игі істерін жүзеге асырады деп ойламыз, - дейді Нұр-Сұлтан қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек.

Байқау нәтижесінде үздік деп танылған 22 волонтерлік ұйым 300 мың теңге көлемінде қаржылай көмек алды. Басқарма басшысының айтуынша, бұл мақсатқа 6 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Волонтерлік ұйымдар алған қаржылық көмекті өз жобаларын одан әрі дамыту үшін қажетті құралдар мен жабдықтарды сатып алуға бағыттауы тиіс.

Жоба жайлы естіп, мекеменің атынан қатысуды жөн көрдім. Бас жүлде, ең жоғарғы ұпай жинадық. Бүгін біз жас болсақ, ертең біз де қартаямыз. Сол кезде жастар да бізге көмек көрсетеді деп сенемін. Үлкен қаражат беріліп жатыр. Бұл сомманы созылмалы аурумен ауыратын қарияларға көмектесуге жұмсайтын боламыз, - деді Гүлназ Нұржанова.

Өзгелердің жаңалығы