Елордалық дәрігерлер ауыл фельдшерлеріне онлайн семинар өткізді

27 Тамыз 2020, 21:10
1479
Бөлісу:
Елордалық дәрігерлер ауыл фельдшерлеріне онлайн семинар өткізді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жоғарғы санатты дәрігерлер онлайн видеобайланыс арқылы ауылдық жерлердегі фельдшерлерге семинар өткізді. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады. 

«Ауыл» партиясының мүшелері жас мамандарға вирустық инфекциялардың алдын алу бойынша кеңес айтты. Партия өкілдері жергілікті тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасына да мониторинг жүргізген. Мамандар мұнда медициналық пунктердің тапшы екенін айтып отыр.  

Мынау острый респираторно-вирусный инфекция мен мынау КВИ-дің размері қандай? Ол кездескенде қандай көмек керек науқастарға? Соны айтамыз. Пандемия басылғаннан кейін бізде жоспар бар. Елдерге барып, дәрігерлер сол алыстағы ауруларды қарап, соларға көмек жасайды, - дейді жоғары санатты невролог-эпилептолог Алтынай Елубаева.


Өзгелердің жаңалығы