Елордалық автобустар жолға шықты

12 Мамыр 2020, 14:12
1888
Бөлісу:
Елордалық автобустар жолға шықты
PHOTO VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаладағы қоғамдық көліктердің карантиннен кейінгі алғашқы жұмыс күні қалай басталды? Осыған орай біз қаладағы қоғамдық көліктердің карантиннен кейінгі алғашқы жұмыс күнінен фоторепортаж дайындаған едік. Назарларыңызға ұсынамыз.

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында қоғамдық көліктердің жұмысын жолға қоюды тапсырған болатын. Президенттің тапсырмасына сәйкес, бүгіннен бастап елордада қоғамдық көліктердің жұмысы жанданды. 

 пик8.JPEG

Автобустар таңғы сағат 07.00-ден кешкі 21.00-ге дейін қатынайды. Бірінші кезеңде  линияға қалалық бағдарлар шықса, екінші кезеңде қала маңына қатынайтын бағдарлар шығады.

пик9.JPEG

пик10.JPEG

Жолаушылар автобусқа кіру алдыңғы есіктен кіріп, ортаңғы және артқы есіктерден шығады. Автобустағы адам саны қатаң бақыланады.

пик11.JPEG

пик12.JPEG

Жүргізушілер билет сатуды уақытша тоқтатады. Яғни жол жүру үшін көлік карталарын және жолақысын төлеудің балама тәсілдерін қолдануға болады. Олар SMS, QR-код және мобильді қосымшалар. 

пик13.JPEG

Карантин кезінде сатып алынған айлық жол жүру тарифтері пайдаланушылардың көлік карталарына қайта жүктеледі. Осылайша, сәуір айындағы жол жүру мамыр айына ауыстырылады. Айлық жол жүру 12 мамырдан 11 маусымға дейін жарамды болады.

пик15.JPEG 

Еске сала кетейік, 28 наурыздан бастап қосымша тарифтер іске қосылды. Елорданың қоғамдық көліктерінде 18 жасқа дейінгі балалар көлік картасы бар болған жағдайда тегін жүре алады.


Дезинфекциялық жұмыстар бұрынғыдай жүргізіледі. Автобус жүргізушілері барлық қауіпсіздік шараларын сақтайды: бетперде, қолғап киіп, антисептиктерді қолданады. Бұл талаптарды жолаушылар да сақтау қажет.

пик16.JPEG

пик3.JPEG

Дезинфекциялық жұмыстар әр айналым сайын жасалып, орындықтардың арқалығы, жолаушылардың ұстап тұруға арналған бағандар арнайы сұйықтықпен мұқият сүртіледі. Күніне 6 рет.

пик4.JPEG

 пик2.JPEG

Автобустарда халық саны аз, карантинге дейін таңғы мезгілде 50-60 адамдай болатын. Қазір 10-15 адамның шамасында. Жолаушылар арақашықтықты барынша сақтап, маска, қолғап сияқты қорғаныш киімдерін киген.

пик5.JPEG

 

пик6.JPEG

 "City Transportation Systems" басқару компаниясының төрағасы Бекмырза Игенбердиновтың айтуынша, санитарлық нормаларды орындау үшін автобус тұрақтарында сақтық шаралары қатаң сақталған.

Соңғы аялдамаларда және көлік жуу станцияларында әрбір автобусқа дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Автобус жүргізушілері бетперде, қолғаптармен қамтамасыз етілген, - деді ол.

пик7.JPEG

 

 

 

 

 

 

Видео: Кенжетай АҚСЕЙІТОВ
Өзгелердің жаңалығы