Елордаға Pfizer вакцинасына арналған мұздатқыш камералары келді

8 Қараша 2021, 18:56
881
Бөлісу:
Елордаға Pfizer вакцинасына арналған мұздатқыш камералары келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына Pfizer вакцинасын сақтауға арналған мұздатқыш келді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Өткен демалыс күндері -45-тен -80 градусқа дейінгі температурада жұмыс істейтін екі мұздатқыш келді. Вакцина егу кабинеттеріне арнайы термоконтейнерлермен жеткізіледі.

Бірінші кезеңде жасөспірімдер мен жүкті әйелдерді Pfizer вакцинасымен вакцинациялау тек медициналық ұйымдар жанындағы вакцинация пунктерінде жоспарланғанын атап өткен жөн. Pfizer қаланың медициналық мекемелеріне түскені туралы қосымша хабарланатын болады.

Қала бойынша барлығы 90-нан астам вакцинация пунктері жұмыс істейді, сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар жұмысын жалғастыруда.

Айта кетейік, бүгінде елордада КВИ вакцинасының бірінші компонентін 453 мыңға жуық адам алды, 418 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті.


Өзгелердің жаңалығы