Астанада көшелер мен тротуарларды қар мен мұздан тазарту бойынша күшейтілген жұмыстар жалғасуда. Түнгі ауысымға 649 арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елорда әкімдігінің жазуы бойынша, 13 наурыздан 14 наурызға қараған түні 200-ден астам жол жұмысшыы мен 649 арнайы техника жұмылдырылды.
13 наурыз күні түстен кейін қаладан 2 мыңнан астам рейс жасалып, 27 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Қыс басынан бері полигондарға 462 мыңға жуық рейс, 6,2 млн текше метр қар шығарылды.
Қалада қар тазалау тәулік бойы жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.
Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының ыңғайлы қозғалысы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.