Елордадағы жәрмеңкеге Павлодар мен Абай облыстарынан 700 тоннадан астам өнім жеткізілді

7 Қазан 2023, 13:33
860
Бөлісу:
Елордадағы жәрмеңкеге Павлодар мен Абай облыстарынан 700 тоннадан астам өнім жеткізілді
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астанада 7 және 8 қазанда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Өз өнімдерін Павлодар мен Абай облыстарының тауар өндірушілері ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңке Шабыт өнер университетінің алдындағы алаңда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Мұндай жәрмеңкелер өңірлердегі ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін делдалсыз тікелей сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде өнім бағасы көбіне нарықтағы бағадан төмен болады. Жәрмеңкеге арналған ассортиментті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз қалауымен таңдайды. Астанада өңірлік жәрмеңкелер жыл сайын өткізіледі. Жыл сайын жәрмеңкеге қатысуға ниет білдірген шаруалар саны артып келеді, – деді Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев.

Павлодар облысының атынан жәрмеңкеге Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары, өңірдің 10 ауылдық ауданының тауар өндірушілері қатысады. Жеткізілген өнімдер қатарына ет (сиыр еті, жылқы еті, қой еті), сүт өнімдері, картоп, көкөністер мен азық-түлік (бидай ұны, жарма, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер) жатады.

Мен өзім Павлодардан келдім, Астанада соңғы бес жылдан бері жұмыс істеймін. Жәрмеңкеге павлодарлық ірімшік пен ет үшін барамын. Бүгін көптеген адамдар менің туған жерімнен азық-түлік алуға келгені қуантады, – деп атап өтті елорда тұрғыны Қамшат Көкенова.

Абай облысының атынан Семей қаласы, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Көкпекті, Ақсуат, Үржар және Жарма аудандарының шаруалары қатысады.

Осы саладағы өнімдер үлкен сұранысқа және тамаша сапаға ие. Тауар өндірушілердің ассортиментінде ет және сүт өнімдерінің 20-дан астам түрі, кондитерлік өнімдер, бал және ұлттық тағамдар бар. Сондай-ақ, облыс ет өнеркәсібінде үлкен артықшылыққа ие.

Аймақтың еті жоғары сапалы және экологиялық таза өнім болып саналады. Өйткені, жануарлар химиялық шығу тегі бар өсу күшейткішін (гормондарды), антибиотиктерді және басқа компоненттерді қолданбай өсіріледі.

Жәрмеңке қонақтарын экологиялық таза, сапалы және дәмді өнімдердің кең ассортименті арналған әрі бағалары да қолайлы.

Өзгелердің жаңалығы