Елордадағы жәрмеңкеге еліміздің үш өңірі өз өнімдерін ұсынады

23 Қазан 2024, 14:49
328
Бөлісу:
Елордадағы жәрмеңкеге еліміздің үш өңірі өз өнімдерін ұсынады
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада 26 және 27 қазанда осы жылдың соңғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оған Ақмола, Қостанай және Ұлытау облыстарының тауар өндірушілері қатысып, 800 тоннаға жуық экологиялық таза өнім ұсынады.

Ақмола облысы 300 тоннадан астам жаңа өнімдерді, оның ішінде ет, сүт, көкөніс және жарма өнімдерін ұсынады. Оның ішінде «Гормолзавод», «Родина», «Макинск құс фабрикасы», «Бижан», «Қазгер құс» сияқты ірі жергілікті өндірушілерден және т.б. бар.

Қостанай облысына 402 тонна өнім, оның ішінде 52 тонна ет, 95 тонна көкөніс және 40 тонна ұн, сонымен қатар брендтері республикаға және одан тыс жерлерге танымал кәсіпорындардан сүт және кондитерлік өнімдер әкелінетін болады. Бұл «Милх», «ДЕП», «Баян сұлу», «Бекиров» және т.б.

Ұлытау өңірі 70 тонна ет, көкөніс және сүт өнімдерін жеткізеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары фермерлерден тікелей өнім алып қана қоймай, қатысушы өңірлер өнерпаздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаны тамашалайды. Жәрмеңкеге 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, жәрмеңке Қарқаралы тас жолындағы «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы жерде өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін жәрмеңке кезінде №18, 37, 303 және 323 автобустары жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы