Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қалқаман көшесінен "Қараөткел" көпіріне дейінгі жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осыған байланысты 26-29 тамызы аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асырылатын болады, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.