Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қыс мезгіліндегі өрт қауіпсіздік жағдайы» тақырыбында өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Еркін Отарғалымұлы мәлімдеді.
Ол брифинг кезінде өрттің шығу себептеріне тоқталды.
Бүгінгі таңда өрттердің 57%-ы электр желілерін монтаждау және эксплуатация кезінде сақталмаған өрт қауіпсіздігі бұзушылықтары. Бұл өрттердің 362 жағдайын құрап отыр. 106 өрт (17%) пештерді пайдалану, салу кезінде өрт қауіпсіздігі бұзушылықтарынан шыққан өрттер. 93 жағдай (15%) адамдардың өртпен абайсыз болуы салдарынан туындаған өрттер, - деп түсіндірді құтқарушы.
Ол атап өткендей, бүгінгі таңда жылыту маусымы жалғасып жатыр.
Бізді алаңдататын жағдайлар – иіс тию фактілері жиілеп кетті. Мысалы, бүгінгі күні 46 адамға иіс тиді, оның 30-ы кәмелетке толмаған балалар. Бұл жағдайлардың негізгі себебі – мұржалардың, құдықтардың ыстан тазаланбауы, пештерді пайдалану кезінде жарықтар мен тесіктер болуы, - деді маман брифингте.
Еркін Отарғалымұлы тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі жайында түсініктерін арттыру үшін жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.