Елшілік елордадағы өртенген үйдің тұрғындарына 6 мың доллар көмек көрсетті

16 Наурыз 2020, 10:43
1869
Бөлісу:
Елшілік елордадағы өртенген үйдің тұрғындарына 6 мың доллар көмек көрсетті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігі елордадағы "Көктал-2" тұрғын-үй алабындағы жатақхана өртінен зардап шеккен 30 отбасыға ақшалай 6 мың доллар көлемінде көмек көрсетті. 

Өрт 9 наурыз күні таңертең 200 шаршы метрді алып жатқан екіқабатты жекеменшік үйде болды. 

WhatsApp Image 2020-03-16 at 09.49.25.jpeg

Тұрғындардың айтуынша, өрт сөндірушілер өртті төбеден сөндірген. Екінші қабат түгел өртенген, ал бірінші қабатты су басқан. Абырой болғанда адамдар аман.

Шындығын айтқанда, оқиға туралы естігенде жүрегіміз ауырды. Әсіресе, мұнда көпбалалы отбасылар тұрады және өрт кезінде киімсіз, футболкада, жалаңаяқ шыққан. Қытайда "жақын көршің алыстағы туыстан артық" дейді. Бұл адамдармен таныс болмасақ та, бір қалада тұрамыз. Қазіргі уақытта көршілерміз және туыстармыз. Сондықтан біз оларды көмексіз қалдыра алмаймыз, - деді Қытай елшісі Чжан Сяо.

WhatsApp Image 2020-03-16 at 09.49.24 (1).jpeg

Бұған дейін елшілік құны 4 млн теңге болатын 30 жылы плед сыйлаған болатын. 

Тұрғындар тек құжаттарын алып үлгенген. Кей отбасы жатақханадан жақын жердегі жаздық үйлерге орналасқан. Ал 5 баланың анасы Сұлушаш Закироваға үй иесі бір бөлме берген. Ол бұл жерде бір ай тегін тұрады.

WhatsApp Image 2020-03-16 at 09.49.26.jpeg

Өрт кезінде барлық киім мен затымыздан айрылдық. Жаңа туған сәбиім бар. Балаға алған барлық затымыз, коляскаға дейін өртеніп кетті. Қазір бізге басқа жатақханадан бір бөлме берді. Мемлекет тамақтар және киім-кешек берді. Оқушылар мен волонтерлар көмектесіп жатыр. Қытай елшілігіне де үлкен рақмет. Көмектесіп жатыр. Алдында плед таратты. Кішігірім ақшалай көмек беріп жатыр. Бұл ақшаны балаларға дәрі, киім аламын, - деді жатақхана тұрғыны.

Өзгелердің жаңалығы