Елордадағы карантиндік шараларға байланысты жаңа қаулы шықты

31 Шілде 2021, 02:35
3296
Бөлісу:
Елордадағы карантиндік шараларға байланысты жаңа қаулы шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулы жарияланды.

Құжат Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын және қою-қызыл аймаққа өтуін ескере отырып қабылданған. Жарияланған құжат бойынша, елордадағы объектілердің «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан, бұқаралық іс-шараларды, марафондарды, спорттық, отбасылық, естелік іс-шараларды қоса алғанда, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға тыйым салынады.

Сонымен қатар қаулы мәтініне сәйкес мейрамхана, дәмхана, кофеханалар, асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын, орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, тек қана тағамды шығару мен жеткізу (штаттық режимде) және «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленетін, үй-жай ішінде 50%-ға дейін толтырумен, бірақ 50-ден аспайтын отыратын орын санымен және ашық ауада (жазғы залда) 50-ден аспайтын отыратын орын санымен, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру (тамақты жеткізу және шығару штаттық режимде); «Ashyq» жобасын іске асыратын кәсіпкерлік объектілер тізімін де кеңейтілмек.

Аталған қаулы 2021 жылғы 2 тамызда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.


Өзгелердің жаңалығы