Елордадағы газ стансасындағы жарылыс. Үш адамның жағдайы ауыр

26 Шілде 2022, 12:16
1153
Бөлісу:
Елордадағы газ стансасындағы жарылыс. Үш адамның жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада кеше түнде орын алған газ стансасындағы жарылыстан зардап шеккен үш адамның жағдайы ауыр. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Белгілі болғандай, өрт кезінде 4 адам жапа шегіп, олар №1 қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. 

1995 жылы дүниеге келген пациентті орташа ауыр деңгейде термиялық күйік шалған. 1992 жылы дүниеге келген екі және 1969 жылы дүниеге келген тағы бір пациенттің жағдайы ауыр. Үшеуі де үшінші дәрежелі күйік шогын алған. Пациенттерге қажетті бүкіл медициналық көмек көрсетіліп жатыр, - делінген ведомство таратқан хабарламады. 

Еске сала кетейік, кеше – 25 шілде күні сағат 22.05-те 101 пультіне Қобда көшесі, 6 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабарлама түскен еді. Оқиға орнына елордалық ТЖД құтқарушылары көмекке барды.

Өзгелердің жаңалығы