Елордада «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтіп жатыр

23 Шілде 2022, 17:46
1700
Бөлісу:
Елордада «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қауiпсiз жол» жедел-алдын алу iс-шарасының аясында Нұр-Сұлтанда 22-23 шілдеде “Жолда қабылдау” республикалық акциясы өтiп жатыр,  деп хабарлайды Polisia.kz. 

Акция халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру мақсатында өткізілуде. Қала тұрғындары мен қонақтары полиция қызметкерлерінен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын сақтау және т.б. мәселелері бойынша консультациялық, құқықтық көмек сұрай алады. 

Акция келесі орындарда өтуде: – “Mega Silk Way” СОО (Қабанбай батыр көшесі, 62); – Мамандандырылған ХҚКО, (20-40 көшесі, 2); – “Аружан” СОО (Жансүгіров көшесі, 8); – Нұр-Сұлтан қ. ПД ӘПБ Call-орталығы, (Жетіген көшесі, 16). Сонымен қатар әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізу жоспарланған, онда азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарға онлайн жауап ала алады. 

Аталмыш акция барысында қала тұрғыны азаматтық қаруды алу тәртібімен танысқысы келетінін айтқан. Полиция қызметкерлері қарудың қандай түрлерін алуға болатындығын және рұқсат беру, сақтау тәртіптерімен таныстырды. Толыққанды жауап үшін ер адам елордалық полиция қызметіне алғыс білдірді.
 

Өзгелердің жаңалығы