Елордада "Жолда қабылдау" акциясы өтуде

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 және 16 қарашада&nbsp;әкімшілік, жергілікті полиция, кадр саясаты және көші-қон қызметтерінің полиция қызметкерлері азаматтарды қабылдайды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.</h4>

 15 Қараша 2019 2019, 11:34
15 Қараша 2019 2019, 11:34
3091

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 және 16 қарашада әкімшілік, жергілікті полиция, кадр саясаты және көші-қон қызметтерінің полиция қызметкерлері азаматтарды қабылдайды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындары мен қонақтардың назарына! Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық "Жолда қабылдау" акциясы өтеді. 15 және 16 қараша айында сағат 09:00 ден 19:00 арасында әкімшілік, жергілікті полиция, кадр саясаты және көші-қон қызметтерінің полиция қызметкерлері азаматтарды қабылдайды. Қала тұрғындары мен қонақтары полиция қызметкерлеріне құқықтық көмек алуға, қоғамдық және жол қауіпсіздігі мен көші-қон заңнамаларын ұстану және т.б. сұрақтармен жүгіне алады, - делінген ақпараттта.
Іс-шара қаланың мамандандырылған ХҚКО-да және ірі сауда орталықтарында өткізіледі.
Наверх