Елордада "Жолайрық" қойылымының премьерасы болды

27 Ақпан 2020, 02:21
3021
Бөлісу:
Елордада "Жолайрық" қойылымының премьерасы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қазақ әдебиетінің аса көрнекті классигі, Алаш арысы Сәкен Сейфуллинді еске алу күніне орай Ғазиз Ештанаевтың "Жолайрық" драмалық қойылымының премьерасы өтті.

С.Сейфуллинді 1938 жылы ақпан айының 25 жұлдызы күні ату жасауына кесу туралы бұйрықтың түпнұсқасы Ресейдің құпия құжаттар мұрағатынан табылғандығы туралы ақпар бар. 

Ғазиз Ештанаевтың аталған туындысы тұлғаны еске алу күніне арнайы жазылған. Драмалық қойылымның қоюшы режиссеры  Вахитов Нұрфат және Омарұлы Думан сынды талапты жастар. Спектакельге университет студенттерінен бөлек зиялы қауым өкілдері мен ақынның туыстары да  арнайы шақырылды.

Спектакльдің премьерасынан кейін ректор Ақылбек Күрішбаев жиналғандар алдына шығып әртістерге өзінің алғысын жеткізді.
Біз өзіміздің жастарымызды үнемі қолдауымыз керек. Себебі келешек солардікі. Бүгін қойылымдағы әртістердің барлығы өзіміздің студент жастарымыз. Болашақтары зор. Бүгінде университет сахнасында өнер көрсетсе алдағы уақытта республикалық сахналарда өнер көрсетулеріне ықпал жасаймыз. Тіпті алыс-жақын шет елдерге де гастрольдік сапармен баруға мүмкіндік жасауымыз керек, - деді ректор.

Айта кету керек, сахнада өнер көрсеткен университеттің "Ақжелкен" студент жастар театрының мүшелері.
Өзгелердің жаңалығы