Елордада ЖИТС жұқтырғандардың 64%-ы – 20-39 жас аралығындағы жастар

20 Мамыр 2024, 19:10
443
Бөлісу:
Елордада ЖИТС жұқтырғандардың 64%-ы – 20-39 жас аралығындағы жастар
Фото: BAQ.KZ - архив

Мамырдың әр үшінші жексенбісінде әлем ЖИТС-ауруынан қайтыс болғандарды еске алады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АИТВ-ның таралу тарихы ауыр тәжірибелерге толы. Бірақ бүгінде ғылым мен медицинаның жетістіктерінің арқасында ондаған мың адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бар.

Елордада соңғы он жылда ЖИТС-тен өлім-жітім екі есе азайды. Бұның бәрі диагноз қойылғаннан кейін бірден қолжетімді антиретровирустық терапияның арқасында. Бұл туралы қалалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Қанат Асқаров айтып берді.

Статистикаға сүйенсек:

  • Астанада АИТВ-ның 3 мыңдай жағдайы тіркелген;
  • жыл басынан бері бұл көрсеткіш 142-ні құрайды;
  • жұқтырғандардың 64%-ы 20-39 жас аралығындағы жастар;
  • ⁠басым жұғу көзі – жыныстық жол (90%-дан астам).

Елордалық дәрігерлер АИТВ-инфекциясының алдын алу тәсілдерін өзгерте бастады. Скринингке, диагностикаға және емдеуге ерекше назар аударылатын жаңа стратегиялар (95-95-95) анықталды. Іс жүзінде бұл «Табы, Сынау, Емдеу және Сақтау» тұжырымдамасын жүзеге асыруды білдіреді.

Мәселен, емханаларда клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға тестілеу белсенді жүргізілуде. Нәтижесінде 80%-дан астамы ерте кезеңдерде анықталады. Халықтың негізгі топтары үшін ҮЕҰ базасында экспресс-тестілеу енгізілді. Индекстік тестілеу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері барлығы 100 мыңнан астам адам АИТВ-ға тексерілді.

Алдымызға қойған жаңа мақсат – жаңа технологияларды, дәрілік нарықта жаңа препараттарды және неғұрлым жеңілдетілген емдеу схемаларын енгізу.

Өзгелердің жаңалығы