Елордада жеті автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

16 Тамыз 2022, 12:42
1075
Бөлісу:
Елордада жеті автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

Нұр-Сұлтанда № 15, 15А, 35, 43, 46, 54, 70 автобустарының қозғалыс бағыты уақытша өзгерді,деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.

Мәңгілік ел даңғылы бойымен Керей, Жәнібек хандар көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі аралықта жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты № 15, 15А, 35, 43, 46, 54, 70 бағдарларының қозғалыс сызбасына уақытша өзгертулер енгізілді. Өз бағдарларыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз, - делінген CTS хабарламасында.

Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

Елордада жеті автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
Елордада жеті автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
Өзгелердің жаңалығы