Елордада "Жер Сағаты" акциясы өтеді

Астанада 23 наурыз күні "Жер Сағаты" халықаралық экологиялық акциясы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

 11 Наурыз 2024 2024, 19:31
11 Наурыз 2024 2024, 19:31
864

Астанада 23 наурыз күні "Жер Сағаты" халықаралық экологиялық акциясы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Жер сағаты" акциясы 23 наурыз күні сағат 20:30-дан 21.30-ға дейін өткізіледі. Астаналықтар ғаламшардың болашағына бей-жай қарамай, аталған уақытта жарық пен тұрмыстық электр құралдарын өшіріп, маңызды акцияға атсалысуға шақырылады.

"Жер сағаты" – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қамқорлығымен жыл сайынғы халықаралық өткізілетін оқиға, оған бүкіл әлемнен 2 млрд-тан астам адам қатысады. Акцияның мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.

Астанада мемлекеттік органдармен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен қатар акцияны сауда-ойын-сауық орталықтары, ірі спорт кешендері мен бизнес субъектілері қолдайды.

Наверх