Елордада жексенбі күні қоғамдық көліктер жүреді

21 Ақпан 2021, 05:32
1647
Бөлісу:
Елордада жексенбі күні қоғамдық көліктер жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жексенбі, яғни 21 ақпан күні қоғамдық көлік жүреді, деп хабарлады City Transportation Systems.

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көліктің штаттық режимде жұмыс істеуіне, жексенбі, демалыс және мереке күндері тоқтаусыз (экспресс-бағдарлардан басқалары) сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүруіне рұқсат етіледі, – деп хабарлады City Transportation Systems.
Автобусқа бетпердесіз кіруге және жолақыны қолма-қол ақшамен төлеуге болмайды.
Өзгелердің жаңалығы