Елордада Жекебатыр көшесінде Космонавтар көшесінен Атасу көшесіне дейінгі аралық жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жекебатыр көшесіндегі жол төсемін жөндеудің басталғанын мәлім етті.
Осыған байланысты 6-12 тамыз аралығында Космонавтар көшесінен Атасу көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.