Елордада Жеңіс күніне орай 3 600-ден астам ардагер біржолғы төлем алды

5 Мамыр 2020, 07:47
1954
Бөлісу:
Елордада Жеңіс күніне орай 3 600-ден астам ардагер біржолғы төлем алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңістің 75 жылдығы мерекесіне орай Нұр-Сұлтанда 3 688 ардагер біржолғы ақшалай төлем алды. Төлемнің жалпы сомасы 180,9 млн теңгені құрады, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.


44 соғыс ардагері мен мүгедектеріне 1 млн теңгеден, соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген 410 адамға 75 мың теңгеден берілді.

Сонымен қатар жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген (қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары), сондай-ақ тыл еңбеккерлеріне – 3234 адамға 32,5 мың теңгеден төленді.


Өзгелердің жаңалығы