Астанада Байқоңыр ауданының Жетісай көшесінде орналасқан бір қабатты жатақхананың шатыры өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт орын алған нысанда электр қуаты сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 12 бөлмесі бар жатақхананың тұрғындары қауіпсіз жерге шықты.
Қазір өрт орнында 26 құтқарушы мен 7 бірлік техника жұмыс істеуде. Жану алаңы анықталуда. Оқиға орнына тұрғындарды жылытуға арналған автобус жіберілді.