Елордалық құтқарушылар жатақханадағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін таң ата Байқоңыр ауданындағы Тараз көшесінде орналасқан жатақханалардың бірінде бөлмелер мен ғимараттың шатыры жанды.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде 4-қабаттағы шатыр мен бөлмелер жанып жатты. ТЖМ күштері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарды, - деп жазылған хабарламада.
Алдын ала мәліметтер бойынша өрт салдарынан уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Өртті сөндіру жұмыстарын оқиға орнындағы өтпе жолдарда автокөліктердің тұруы қиындатты. Өрт 850 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.