Елордада жасөспірімдер арасында жүзуден ел чемпионаты басталды

28 Сәуір 2022, 20:53
1121
Бөлісу:
Елордада жасөспірімдер арасында жүзуден ел чемпионаты басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 300-ден астам спортшы қатысуда. 2006-2007 ж.т. және одан кіші спортшылар жүзуден бірнеше санат бойынша өзара мықтыны анықтайды. Атап айтсақ, құлаштап жүзу, брасс, баттерфляй және эстафета бойынша үздіктер анықталады.

Байрақты бәсеке төрт күнге созылып, сәуірдің 30-да өз мәресіне жетеді. Топ жарған спортшылар аталмыш жарыста өздерінің спорттық разрядтарын арттыруға мүмкіндік алады.

Өзгелердің жаңалығы