Елордада жаңа жағалау пайда болды

14 Шілде 2023, 08:42
1264
Бөлісу:
Елордада жаңа жағалау пайда болды
Фото: gov.kz

«Сарыарқа» ауданында Шабал Бейсекова көшесіндегі көпірдің жанында жеке инвестициялар есебінен жаңа қоғамдық кеңістік ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жалпы абаттандырылған аумақ ауданы – 0.96 га. Жағалауда қала тұрғындары үшін әртүрлі демалыс алаңдары орналастырылған, оның ішінде:

- амфитеатр

- балалар және спорт алаңдары

- велосипед, жүгіру, серуендеу жолы

- баскетбол, волейбол, футбол алаңы

- өрмелеу алаңы

- скейтпарк

Елордада жаңа жағалау пайда болды

Аудан бойынша абаттандыру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Құрылыс маусымы басталғалы Көктөбе көшесінде (Көктал-1 т.а.) және Фахд бен абдул азиз көшесінде (Агрогородок т.а.) қоғамдық кеңістіктер жайластырылды. Сонымен қатар «Шапағат» СҮ және Желтоқсан-Бұқарбай батыр-Бейбітшілік көшелерінде жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жұмысы жалғасып жатыр.

Елордада жаңа жағалау пайда болды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың оң жағалауы қалай көркейетінін мәлім еткен болатын. Оның айтуынша биыл қаланың оң жағалауында 130-ға жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Қазірдің өзінде 50-ге жуық орында тиісті жұмыстар аяқталған.

Өзгелердің жаңалығы