Астанада Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусы салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы орталықтың басқарма төрағасы Санжар Шалекенов мәлімдеді.
Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен жол картасына сәйкес Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусының құрылысы жүзеге асырылуда. Құрылыстың бірінші кезеңі осы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Орталық онкология саласында озық болады. Онда қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудің бірегей әлемдік технологиялары шоғырландырылады, сондай-ақ ғылыми зерттеулер, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру жүргізіледі, - деп атап өтті орталық басшысы елордада өтіп жатқан «Орталық Азия онкологиялық апталығы» халықаралық ғылыми-практикалық апталығында.
Сонымен қатар ол бұл еліміздің онкологиялық қызметінің құрылымындағы бұл елеулі өзгерістерге алып келетіндігін алға тартты.
Сондай-ақ жақсартулар елдің өз азаматтары үшін онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ұмтылысын айғақтайды. Бұл онкологиялық аурулармен күресудегі және пациенттердің өмір сүру мүмкіндігін арттырудағы маңызды қадам, - деді Санжар Шалекенов.
Еске сала кетейік, бұған дейін жыл сайын 13 мыңнан астам қазақстандық қатерлі дерттен көз жұматындығы туралы жазған болатынбыз.