ҚР ПІБ МО ауруханасында Stryker Mako роботтық жүйесін пайдалана отырып, жамбас және тізе буындарын эндопротездеуден шеберлік сабағы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шеберлік сабағын Ресейде жамбас пен тізе буындарын эндопротездеуде және Stryker Mako роботымен жұмыс істеуде мол тәжірибесі бар Н.Н.Приоров атындағы Травматология және ортопедия ұлттық медициналық ғылыми орталығының ортопед-дәрігері Алексей Шумский өткізді. Үш күнге созылған шеберлік сабағында ресейлік дәрігер ҚР ПІБ МО ауруханасының Травматологиялық хирургия бөлімшесінің дәрігерлерімен бірге 6 науқасқа операция жасады.
Stryker Mako роботтандырылған жүйесі травматологтерге ортопедия саласында дәлірек және тиімді операциялар жасауға көмектесетін озық технология болып табылады. Бұл жүйе әсіресе жамбас және тізе сияқты операциялар үшін қолданылады. Роботтың көмегімен тізе мен жамбас буынының жалпы эндопротезін, тізе буынының оломондилді эндопротезін жасауға болады.
Шеберлік сабақтың инновациялық технологияны сынақтан өткізу, роботтандырылған жүйенің мүмкіндіктері мен клиникалық артықшылықтарын зерттеу мақсаты орындалды. Роботталған жүйені қолдану арқылы хирургтер үшін манипуляциялардың максималды дәлдігі артып, қателіктер мен асқынулардың қаупі азаяды және науқастардың тезірек қалпына келуіне көмектеседі. Сондай-ақ бұл жүйе компьютерлік томография берген зерттеу деректері негізінде операция жоспарын әр пациенттің жеке ерекшеліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді.