Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада күн сайын арт-нысандар саны көбейіп келеді.
Нұр-Сұлтанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы көпірдің асты Зарина Дияс, Әлжан Жармұхамедов, Джеймс Леброн сияқты спортшылардың граффитиімен безендірілді.
Университеті жанындағы көпірдің астында орналасқан арт-кеңістікте стритбол, коньки, үстел теннисі және workout алаңдары болады, - деп Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, жобаның негізгі идеясы - спортқа жағымды ахуал қалыптастыру.
Мұнда бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген. Жастардың тірек нүктесі мен лайықты үлгісі болуы маңызды. Серуендеп немесе спортпен айналысуға келушілер бұл жерден отандық және шетелдік танымал спортшылардың граффитиін тамашалай алады, - деді Олжабаева.
Кәсіби қазақстандық теннисші Зарина Дияс.
Америкалық баскетболшы Джеймс Леброн бейнесі.
Сондай-ақ жақында кеңестік қазақ баскетболшы, 1972 жылғы Олимпиада чемпионы Әлжан Жармухамедовтiң бейнесін де көруге болады.
Осыған дейін «Арқар» көпірі астындағы қабырғалардың бірінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин, баскетболшы Коби Брайант және басқа да түрлі-түсті граффити бейнеленгені туралы жазған болатынбыз.
Бұл маңда қала тұрғындары мен қонақтары үшін спортпен айналысуға, оған қызығуылық танытуға басымдық берілген.
Сонымен қатар көпір астында америкалық кәсіби скейтбордшы Баки Ласек те бейнеленген.
Көпір астындағы қабырғалар спортпен шұғылданып жатқан, теннис, баскетбол ойнап жатқан түрлі бейнелермен безендірілген.